Жетекшілік ережелер

Мектептің мақсаты: бірнеше тіл білетін, алғыр,еңбекқор, көпшіл, өзіндік мінезі бар, өзінен өзгені артық қоятын, ұлттықболмысы қалыптасқан ХХІ ғасыр талаптарына сай келетін жас ұрпақты тәрбиелеу.

Мектеп философиясы: «Ұлтына, жұртына қызмет ету –білімнен емес, мінезден» (Әлихан Бөкейхан). «Оқытудағы мақсат – жалғыз құрғақбілім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру» (МіржақыпДулатұлы). «Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек.Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек.Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» (Ахмет Байтұрсынұлы).

Құндылықтарымыз:

  • Талап;
  • Еңбек;
  • Терең ой;
  • Қанағат;
  • Рақым.

Біз тәрбиелеген ғаламдық азаматтар:

  • өз ұлтының тарихы мен дәстүрін біледі және олардыңөзгелердікімен қалай салыстырылатынын үйренеді;
  • бірнеше тілді меңгереді;
  • қарым-қатынастардың, пікірлер мен ұстанымдардыңжергілікті және жаһандық деңгейде болатындығын аңғарады;
  • ғаламшардың қандай қиындықтарға тап болып жатқанынтүсінеді;
  • ашықтық пен оның тигізер пайдасына сенеді;
  • мәселелерді шешуде бірігіп жұмыс жасайды;
  • өз қауымдастығына қызмет етеді;
  • жарқын болашақ үшін өз үлесін қосады.

Жалпы тәртіп нормалары мен ережелері

ZharkynSmart School 25.08.2022 ж. бекіткен Ішкі Тәртіп Ережелеріне (әрі қарай – ІТЕ)сәйкес, мектеп оқушылары мектеп іші мен ауласында, сондай-ақ мектептен тысіс-шаралар кезінде мектеп ережелеріне дерлік бағынады.

  • оқушылар мектепке 8:00-де келеді;
  • мектепке кіру СКД-карточкалар арқылы жүзегеасырылады, оқушының келіп кеткендігі туралы мәліметті ББРО (білім берудіңресурстық орталығы) күнделікті тіркеп отырады;
  • оқушылар мектепке кірген соң, сырт киімдері менауыстырған аяқкиімдерін жеке шкафтарында қалдырады;
  • оқушылар сабақ басталмас бұрын өз жұмыс орнындайындайды;
  • оқу күндерінде сенсорлы смартфон мен басқа дақұрылғыларды пайдалануға әрі мектепке әкелуге тыйым салынады;
  • сабақ үстінде мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуғаболмайды;
  • үзілістер оқушылардың басқа кабинетке ауысуы үшінберіледі.
  • өрт қаупі бар заттарды қолдануға тыйым салынады.

Zharkyn Smart school

Кез-келген сауалнамаға жауап
беруге дайынбыз.
Барлық сұрақтарыңызға міндетті түрде жауап аласыз.

Біз байланыстамыз 15 митутта жауап береміз
Whatsapp
Telegram
Өтініш қалдыру Өтініш қалдыру

Өтініш қалдыру / Оставить заявку

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз алынды! / Спасибо! Ваша заявка была получена!
Упс! Өтінішті жіберген кезде бірдеңе дұрыс болмады. / Упс! Что-то пошло не так при отправке заявки.